«Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 24 шілдедегі № 287-н/қ бұйрығы

«Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 24 шілдедегі № 287-н/қ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33541 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«3-1) жергілікті атқарушы органдардың тізілімі - қоғамдық маңызы бар нарықтардың субъектілері болып табылатын топтық резервуарлық қондырғылардың иелерінің тізілімін;

3-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тізілімі - газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың - қысыммен жұмыс істейтін сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын түтіктердің иелерінің тізілімін;»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар жоспарланатын тоқсанның басталуына дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті жергілікті атқарушы органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған сұйытылған мұнай газын беруге өтінімдер ұсынады.

Өтінімдегі мәліметтер өзгерген кезде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті атқарушы органға өзгерген мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.»;

9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.