«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 213 бұйрығы (күші жойылды)

«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 213 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Жоба қуаты 6-дан 30-ға дейінгі орындары бар өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшелеріне (бұдан әрі - Бөлімше) өз бетінше тұруды сүйемелдеу қызметтерін ұсыну туралы шешімді стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының бағалау кешені және мониторингі негізінде стационарлық үлгідегі ұйым қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13527 болып тіркелген) Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына сәйкес айқындалған қызмет алушының өзіне-өзі қызмет көрсетуге және (немесе) өз бетінше жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелділігі Бөлімшеде тұруына қарсы көрсетілім болып табылады.»;

25-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.