«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 697 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21580 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айқындалған тұрақты дәрігерлік-сараптамалық жай-күй (бұдан әрі - айқындалған тұрақты ДСЖ) – зерттеп-тексеру және емдеу нәтижелері одан әрі емделу және (немесе) бақылау нәтижесінде өзгермейтін, әскери қызметке жарамдылықтың нақты санаты туралы қорытынды шығаруға негіздеме беретін денсаулық жағдайы;
2) айқындалған тұрақты қолайсыз ДСЖ – бұл ретте «әскери қызметке шектеулі жарамды», «бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс кезінде шектеулі жарамды» немесе «әскери есептен шығарыла отырып әскери қызметке жарамсыз» әскери қызметке жарамдылықтың дәрежесі (санаты) туралы қорытындылардың бірі шығарылатын ДСЖ;