«COVID-19 короновирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-97/2020 бұйрығы (күші жойылды)

«COVID-19 короновирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-97/2020 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қазандағы № ҚР-ДСМ-102 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «COVID-19 короновирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20304 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 8 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің және қауіп топтарындағы жұмыскерлердің жалақысына үстемеақы мөлшерлері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақы белгілеу қағидалары бекітілсін»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Бірінші вице-министрі М. Е. Шорановқа жүктелсін.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.