«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 81 бұйрығы

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 81 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:

2-тармақта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) кепілгер - «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамының кепілдіктер беруге уәкілетті еншілес ұйымы;»;

14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«14) кредит - банктің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық инвестициялық холдингтің еншілес ұйымдарының, кредиттік серіктестіктердің, аймақтық инвестициялық орталықтарымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен, микроқаржы ұйымдарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы мақсат шарттарымен кредит шарты бойынша қарыз алушыға беретін қарыз қаражаты;

15) кредитор - екінші деңгейдегі банктер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық инвестициялық холдингтің банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар еншілес ұйымдары (бұдан әрі − еншілес ұйымдар), аймақтық инвестициялық орталықтары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары;»;

3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.