Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 303 бұйрығы
(2019.13.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ереже бекітілсін.
1. Республикалық азаматтық қорғау қызметтері тиісті ережені бекітсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровка жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.