Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 73 Қаулысы
(2026.25.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабы 4-тармағының үшінші бөлігіне, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.30.09. № 138 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалдары (Қазақстан Республикасының резидент емес ислам банктерінің филиалдарын қоспағанда), оның ішінде исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін мынадай пруденциялық нормативтер мен лимиттер белгіленсін:
1) пруденциялық нормативтер:
консервациялық буферді есептегенде мәні 8 (сегіз) пайыз құрайтын резерв ретінде қабылданатын активтер жеткіліктілігінің коэффициенті - 10 (он) пайыз;
бiр қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері, оның мәні:
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылатын қарыз алушылар үшін 0,10-ды;