(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БЕРІЛГЕН МИКРОКРЕДИТТЕР БОЙЫНША АКТИВТЕР МЕН ШАРТТЫ...

Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 Қаулысы

(2020.30.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.30.03. № 28 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидалары бекітілсін.

2. «Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 381 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8305 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 141 (28080) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.