Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығы
(2026.01.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.24.06. № 280 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.12.10. № 358 бұйрығымен (2026 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.24.06. № 280 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.12.10. № 358 бұйрығымен (2026 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.12.10. № 358 бұйрығымен алып тасталды (2026 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
С. Омаров |