Осы редакция 2019 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әкімдіктің
2015 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 376 қаулысымен бекітілген
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.30.11. берілген өзгерістермен)
1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы («Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрестудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
Қостанай облысы әкімдігінің 2016.31.10. № 495 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.02.04. № 140 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда