«Мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 541 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 116 шешімі (күші жойылды)

Мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 541 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 116 шешімі

 

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 шешімімен күші жойылды

 

Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 541 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Әлеуметтік көмек мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет):

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға, табыстарын есепке алмай, екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

4) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, табыстарын есепке алмай, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5) білім беру гранттарының иелері, мемлекеттік бюджет төлемдерінің өзге де түрлерін алушылар болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім (бұдан әрі - білім) алушы тұлғаларға, оның ішінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.