Осы редакция 2018 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 22/1 қаулысымен
Бекітілді
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының ауыл шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) коммерциялық емес ұйым акционерлік қоғам «Мемлекеттік корпорация «Үкімет азаматтар үшін» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - одан әрі көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-4/1072 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау