«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 34 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 34 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы» 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21857 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарында (бұдан әрі - Тамақтану стандарттары):

2-тармақтың 18), 19), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«18) тауарға ілеспе құжаттар - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға арналған коммерциялық және көліктік құжаттар;

19) тез бұзылатын тамақ өнімдерінің бракераж журналы - азық-түлік шикізатының және жартылай фабрикаттар саны, оларды өткізу мерзімі, электрондық не қағаз нысанда жүргізілетін органолептикалық бағалау нәтижелері енгізілетін журнал;

20) тез бұзылатын тамақ өнімі - жарамдылық мерзімі 5 тәуліктен аспайтын, егер тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, онда адам денсаулығына қауіпті ауру тудыратын микроорганизмдердің, бұзылу микроорганизмдерінің және (немесе) уыттардың түзілуінің қауіпсіздігін сақтау және оның дамуын болдырмау мақсатында сақтаудың және тасымалдаудың (тасудың) арнайы құрылатын температуралық режимдерін талап ететін тамақ өнімі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.