Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 205 Қаулысы
(2022.16.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 20 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.