«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми-технологиялық дамыту жөніндегі жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 242 бұйрығы

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми-технологиялық дамыту жөніндегі жол картасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 242 бұйрығы

 

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 маусымдағы № 22-07-1374 хаттамалық тапсырмасының 4.1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми-технологиялық дамыту жөніндегі жол картасы бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

3. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Е. Қарашөкеев

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2023 жылғы 22 маусымдағы

№ 242 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми-технологиялық дамыту жөніндегі
жол картасы

 

№ р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көзі

1.

Аграрлық ғылыми ұйымдарды іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізу жөніндегі ұсыныстар

БЖҒМ-ға ұсыныс

АШМ, ҰАҒББО (келісу бойынша)

2023 жыл ішінде

РБ

2.

Базалық қаржыландыру есебінен жетекші ғалымдардың жалақысын ұлғайту

Қаржыминіне бюджеттік өтінім

АШМ, ҰАҒББО (келісу бойынша)

2023-2027 жылдар

РБ

3.

2024-2026 жылдарға арналған АӨК басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың салалық жұмыс топтарының ғылыми-техникалық тапсырмаларын әзірлеу (өсімдік шаруашылығы және егіншілік, оның ішінде органикалық, мал шаруашылығы және ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ауыл шаруашылығын механикаландыру, АӨК экономикасы және т.б.)

Ғылыми-техникалық тапсырмалар

АШМ

2023 жыл ішінде

РБ

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.