«Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 736 бұйрығы

«Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 736 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15577 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізшілерге диплом беру қағидаларында:

13-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) кәсіби дипломды бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.»;

мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

«14-1. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда өтініш берушіге Теңізшілерге диплом беру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүргізетін әңгімелесудің орны, күні және уақыты туралы хабарланады.

Комиссияның құрамы, сондай-ақ оның ережесі Порттың теңіз әкімшілігі басшысының шешімімен бекітіледі.

Әңгімелесу нәтижелері бойынша Комиссия өтініш берушінің осы Қағидалардың 25-74-тармақтарының талаптарына сәйкестігін айқындайды.»;

мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

«15-1. Кәсіби дипломды беру Комиссияның оң шешімі шыққаннан кейін жүзеге асырылады.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.