(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРІЛУІНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРН...

Осы редакция 2018 жылғы 23 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 18 маусымдағы

№ 229 бұйрығына

2-қосымша

 

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.11.01. № 8 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған балалар үйлері қызметінің

үлгілік қағидалары

 (2018.11.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Негізгі ережелер

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.11.01. № 8 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағида) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері қызметінің (бұдан әрі - балалар үйі) тәртібін айқындайды.

2. Балалар үйі заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте шоты болады және тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес дербес әзірлейді.

3. Балалар үйі нақты міндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимі ерекшеліктеріне қойылатын талаптарға қарай мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін құрылады.

4. Мемлекеттік балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болады.

5. Балалар үйінің міндеттері:

1) мемлекеттік көмек пен қолдауды қажет ететін балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.