«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 132 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 мамырдағы № 225 бұйрығымен күшi жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-1-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 18750 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:
10-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі «бағалау» және «болжам» деген бағандар үшін мынадай кестелер пайдаланылады:»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Осы Қағидалардың ережелері «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып қолданылады.»;
SUB1414-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: