«Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға жатқызылатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларындағы өнеркәсіптік өңдеуге арналған, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясы тауарларын растау туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 568 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 299 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға жатқызылатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларындағы өнеркәсіптік өңдеуге арналған, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясы тауарларын растау туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;