Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 239 Қаулысы
(2018.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібін және талаптарын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.