2015 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 131 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 499 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау тәртібінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау және Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету критерийін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы бойынша 2015 жылғы 2 тоқсанға кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленсін.