«Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 «Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 93 Қаулысы

Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 «Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 93 Қаулысы

 

Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 «Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36-18 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100 жолдарымен осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырылсын.

2. «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес күн күнтізбелік ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.