Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 шешімі
(2025.13.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Балқаш қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2025.27.03. № 20/168 шешімімен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Балқаш қалалық мәслихатының
2023 жылғы 3 қарашадағы
№ 8/71 Шешіміне 1- қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
Қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер