«Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 тамыздағы № 387 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36055 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы арнайы шот - осы Қағидаларда көзделген мақсаттарға субсидияларды есепке алу және төлемдерді жүзеге асыру үшін ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде көрсетілетін қызметті алушы ашатын ағымдағы банктік шот;
2) бірыңғай республикалық электрондық база - Қазақстан Республикасының азаматтары, Заңға сәйкес қандастар, жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебіне қойған адамдар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
3) субсидиялау - жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдауға (жалға алуға) ақы төлеу мақсатында субсидия алушыларға бюджет қаражаты есебінен төленетін өтемақы түрінде тағайындалатын мемлекеттік қолдау;