Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 283 бұйрығы
(2021.15.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.01.08. № 605 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;