»;
358, 361, 367, 374, 376, 381, 382, 383, 393 және 394-жолдар алып тасталсын;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2016 ж. 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54 және 55-тармақтармен толықтырылсын:
46-тармақтың 8) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«39. Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама;»;
40. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама
42. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
43. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
44. Биологиялық белсенді заттарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
45. Заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
46. Автовокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
47. Техникалық тексеріп қарау операторлары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
48. Энергетикалық сараптама жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
49. Энергия аудиті мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
50. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама
51. Табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама
52. Әкімші (уақытша әкімші, оңалту, уақытша және банкроттық басқарушылар) қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
53. Қаржы ұйымының қаржылық өнімдерін бекітуі туралы хабарлама
54. Микроқаржы ұйымының микрокредиттер беруі жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бекітілгені туралы хабарлама
55. Нотариат қызметін жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.».
47. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 68-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-III, 137-құжат):
3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «13» деген цифрлар «5» деген цифрмен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 9), 11) және 12) тармақшаларын, 6-тармағының 1) тармақшасын; 2) тармақшасының екінші абзацын, 6), 7), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларын, 8-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 9-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) және 3) тармақшаларын, 46-тармағының 2) тармақшасын, 7) тармақшасының үшінші, бесінші және отыз бесінші абзацтарын және 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 25 және 26-тармақтарын, 46-тармағы 6) тармақшасының он бесінші абзацын және 7) тармақшасының тоғызыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 4) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы 2016 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрып, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«11) сот-медициналық, сот-наркологиялық сараптамаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметтi, денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерін, сондай-ақ медициналық қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;».
3. Осы Заңның 1-бабы 46-тармағының 6) тармақшасы алтыншы және он сегізінші абзацтарының қолданысы 2016 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрып, осы абзацтар тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«15-жолдың 3-бағанындағы «5. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және (немесе) сот-наркологиялық сараптама.» деген сөздер «5. Сот-психиатриялық сараптама.» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық және сот-наркологиялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы наурыздың 29-ы. №
479-V