Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 Қаулысы
(2018.05.04. берілген толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 12) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 39, 494-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 21, 227-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.