Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығы
(2019.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.19.07. № 484 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.19.07. № 484 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Авиация персоналы куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6860 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 18 маусымдағы № 258-259 (26657) жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 711 бұйрығымен бекітілген, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7366 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 164-168(27242) жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды;