Кәсіпорындар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 151 бұйрығы
(2016.30.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 6 қарашадағы № 157 бұйрығымен 2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016.30.11. № 291 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) «Жаңа кәсіпорындарға пікіртерім жүргізу» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1711105, индексі 1-НП, кезеңділігі біржолғы) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Жаңа кәсіпорындарға пікіртерім жүргізу» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1711105, индексі 1-НП, кезеңділігі біржолғы) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 131111001, индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 131111001, индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйке;