Республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағын кеңейту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 470 Қаулысы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ бағалы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағы Ұлытау облысының Жаңаарқа, Ұлытау аудандары және Жезқазған қаласы мен Қарағанды облысының Шет ауданы шегінде оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2 415 806,40 гектарға кеңейтілсін.