Сот-биологиялық (медициналық), медициналық-криминалистикалық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамалар, сот-жалпысараптамалық зерттеулер бойынша кәсіптік стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына 30-қосымша)

ҚР Әділет министрінің 2024.27.12. № 1062 бұйрығымен 30-қосымшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2024 жылғы 23 қаңтардағы

№ 60 бұйрығына

30-қосымша

 

 

Сот-биологиялық (медициналық), медициналық-криминалистикалық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамалар, сот-жалпысараптамалық зерттеулер бойынша

 кәсіптік стандарты

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес осы «Сот-медициналық сараптамасы» кәсіптік стандарты әзірленді және сот-сараптама қызметі саласындағы сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған.

2. Осы кәсіптік стандартта келесі терминдер, анықтамалар қолданылады:

1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

3) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе жүзеге асырылған қызметтің расталуы (верификацияның, ескертуші және түзетуші әрекеттердің жүргізілуінің куәлігін ұсыну және қадағалауын рәсімдеу үшін);

4) медициналық-криминалистикалық сараптамасының мәні — жалпы сот медицинасы саласындағы білімдерден басқа, криминалистикалық сәйкестендіру саласындағы арнайы ғылыми танымды және зерттеудің әртүрлі арнайы зертханалық әдістерін (физикалық, фотографиялық, техникалық, химиялық, математикалық) қолдануды талап ететін фактілерді анықтау және бағалау;

5) медициналық-криминалистикалық сараптамасының объектілері - шығу көзі адамның денесі және оның органдары болып табылатын, сараптаманы тағайындаған адам ұсынатын заттай дәлелдемелер мен биологиялық объектілер, басқа бөлімшелердің сот-медициналық сарапшылары жіберетін заттай дәлелдемелер мен биологиялық объектілер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.