«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 312 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 312 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11696 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

8) және 40) тармақшалар алып тасталсын;

44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«44) осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес «Халықаралық тасымалдаудың құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) құжаттарды қабылдау - 20 (жиырма) минут:

көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен құжаттарды қабылдауға жауапты қызметкер:

жеке басын куәландыратын құжатпен салықтық өтініште көрсетілген деректерді (сұралып отырған қызметті алуға көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің өкілеттіктерінің нотариалды куәландырылған сенімхатының бар-жоғын, заңды тұлғаның мүдделерін білдіруге сенімхат ұсынылған жағдайда, бір уақытта заңды тұлғаның басшысының қолы мен мөрінің бар-жоғын тексереді) салыстырып тексереді - 2 (екі) минут;

ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді - 8 (сегіз) минут;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.