«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 358 бұйрығы

«Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 358 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабына сәйкес әзірленді.

Ереже жеке практикамен айналысатын нотариус (бұдан әрі-жекеше нотариус);

мемлекеттік нотариаттық кеңсесінің мемлекеттік нотариустарының (бұдан әрі-мемлекеттік нотариус) нотариаттық іс жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ереже:

1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу;

2) істер номенклатурасын жасау;

3) істерді қалыптастыру;

4) істерді ресімдеу, істер тізімдемесін жасау;

5) құжаттарды сақтау;

6) істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік мұрағатқа беру, мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

7) істерді жою;

8) консультация беруді тіркеу;

9) шетелде іс-әрекеттер жасауға арналған құжаттарды ресімдеу;

10) мөрді, мөртабандарды және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану;

11) мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу тәртібін анықтайды.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе ауысқан кезде іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, нотариаттық мұрағаттық құжаттарды сақтау, есебін жүргізу және пайдалану аумақтық әділет органының бұйрығымен басқа мемлекеттік нотариусқа жүктеледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.