«Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 1598 бұйрығы (күші жойылды)

 «Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 1598 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11407 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 тамызда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Мына:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3-1) осы бұйрықтың 3-1-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Өнеркәсіптік үлгіге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.