«Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есепті қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 27 маусымдағы № 61, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 330 бірлескен бұйрықтары және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 шілдедегі № 41, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 31 қаулылары (2026.11.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есепті қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 27 маусымдағы № 61, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 330 бірлескен бұйрықтары және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 шілдедегі № 41, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 31 қаулылары

(2026.11.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есепті қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтар мен қаулыларға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді;

2) осы бірлескен бұйрықтар мен қаулыларды алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтар мен қаулылардың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрлеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.