Динамикалық байқау жүргізілетін науқастардың созылмалы аурулар тізбесін, медициналық-әлеуметтік көмек көрсетілетін әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесін, диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика тізбесін, инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесін, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде динамикалық байқауға жатпайтын аурулар мен шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын халықтың жекелеген санаттары тізбесін, алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалту және қалпына келтіру еміне жататын аурулар (жай-күйлер) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 17 қазандағы № ҚР ДСМ-136 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығымен; ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабына және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес динамикалық байқау жүргізілетін науқастардың созылмалы аурулар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік көмек көрсетілетін әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика тізбесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде динамикалық байқауға жатпайтын аурулар тізбесі;