Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 65 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі бекітілсін.
2. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов):
осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын.
3. Маңғыстау облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының қүші жойылды деп танылсын:
«Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 379 каулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2119 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2011 жылғы 31 қаңтарда жарияланған);
«Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 379 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 57 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2222 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2013 жылғы 7 наурызда жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.