ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022.17.11. № 462 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2022 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 223 бұйрығына 4-қосымша
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау»
мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидалары
(2026.14.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.26.06. № 180-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) проактивті көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет.
3. «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) арнайы білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026.26.06. № 180-НҚ бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден,2026 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)