(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕ...

Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығы

(2022.22.02. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-тармағының 19-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптары және құжаттар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):

1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-трамағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.