«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Атырау қаласы Мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 55 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 153 шешімі
Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Атырау қаласы Мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 55 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5086-06 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау қаласы Мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 153 шешіміне қосымша
Атырау қаласы
Мәслихатының 2023 жылғы
27 қыркүйектегі № 55
шешіміне қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер