Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 165 бұйрығына
3-қосымша
Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдаған адамдар ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдаған адамдар ұсынатын білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1) жетім балаларды;
2) ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды;
3) қылмыс жасады деп күдік келтірілген өмір сүру және тәрбиелеу жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдыру мүмкін емес балаларды жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына қорғаншылыққа, қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге, асырап алушы отбасына және отбасы үлгісіндегі балалар үйіне тәрбиелеуге қабылдаған адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді.
Жоғарыда көрсетілген санаттар көрсетілетін қызметті алушылар деп аталады.
3. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін адамдарға қорғаншылар, қамқоршылар, патронат тәрбиешілер, асырап алушы ата-аналар және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің тәрбиешілері жатады.
4. Осы стандартты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдаған барлық адамдар сақтайды.
2-тарау. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдаған адамдардың арнаулы қызметтер ұсыну шарттары
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну: