1) 2020 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 67 қаулысының 25-қосымшасымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде өнеркәсіптік кәсіпорындарға және өндірістік объектілерге, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге қойылатын талаптарды сақтауды;
2) COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина алмаған қызметкерлерді (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектеуді;
3) вакцинацияланбаған қызметкерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР-тестілеуді»; орындауды және бақылауды қамтамасыз етеді;
4) шектеу, оның ішінде карантиндік шаралардың сақталуын;
5) азаматтардың таңертең (сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін), кешке (сағат 18.00- ден 20.00-ге дейін) «қарбалас сағаттарда» жиналуына жол бермеуіне және қызметкерлерді тасымалдау үшін қызметтік автокөлікті пайдалану мақсатында дифференцияланған жұмыс кестесін енгізуді;
6) еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес қызметі үздіксіз өндірістік процеске байланысты қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысуына мүмкіндігі жоқ басшылар мен қызметкерлердің өзара ауысуын орындауды және бақылауды қамтамасыз етеді.
13. Меншіктің және ведомстволық бағыныстылықтың барлық нысандарындағы, қызметі тоқтатылмаған шаруашылық жүргізуші субъектілері (объектілері):
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 05 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 06 шілдеде № 20935 болып тіркелген) «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалармен, 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 санитариялық қағидаларымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 мамырда № 22833 болып тіркелген) және басқа да халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы НҚА-мен және құқықтық актілермен айқындалған санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын;
2) InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауын;
3) қоғамдық мониторинг жүргізу үшін объектінің кіреберісіне, яғни көрнекті жеріне санитариялық нормаларға сәйкестік актісінің орналастырылуын;
4) келушілер мен қызметкерлердің (персоналдың) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде киіп жүруін бақылауды қамтамасыз етсін: маска мұрынды, ауызды және иекті жауып, шеттері бетке тығыз жанасуы және бекітілуі тиіс; сөйлесу кезінде масканы иекке түсірмеу және шешпеу, сондай-ақ оны қолға немесе мойынға байламау керек.
14. Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің, тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік, құқық тәртібі объектілерінің және басқа объектілердің):
1) азаматтардың «қарбалас сағаттарда»: таңертең (сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін), кешке (сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін) жиналуына жол бермеу мақсатында дифференцияланған жұмыс кестесін енгізуді қамтамасыз етсін;
2) ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 6-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және объектілердің вакцинацияланбаған қызметкерлерін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектесін;
3) ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 6-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған қызметкерлерін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР-тестілеуден өтуін қамтамасыз етсін;
4) еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес қызметі үздіксіз өндірістік процеске байланысты қашықтықтан жұмыс режиміне ауысуына мүмкіндігі жоқ басшылар мен қызметкерлердің өзара ауысуын қамтамасыз етсін.
15. Меншік нысанына қарамастан ПТР зерттеулер жүргізетін зертханалар:
1) ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалымен бірлесіп, міндетті түрде сапаны сыртқы бағалауды (ретестілеу), зертханааралық салыстыру сынақтарын (кәсіби тестілеу) жүргізсін;
2) «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларына сәйкес үш орамның талаптарын сақтай отырып, бекітілген нысан бойынша ілеспе жолдамаларымен бірге сынамаларды ретестілеуге ҚДСҰО СЭСМҒПО ай сайын жеткізуді қамтамасыз етсін;
3) ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне, оның облыстың қалалар мен аудандарындағы аумақтық басқармаларына және ошақтарды оқшаулау орталығына (ООО) ПТР зерттеудің оң нәтижелерінің барлық бастапқы жағдайларының (осы зерттеулердің қаржыландырылуына қарамастан: ТМККК немесе ақылы қызметтер шеңберінде), тегі бойынша тізімдерін және хабарламаларды, сондай-ақ белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаттары туралы есептілікті ұсынсын.
1) маскалық режимді сақтауды:
Халық үшін медициналық немесе матадан тігілген маскаларды:
- ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде), қоғамдық орындарда, оның ішінде автобус аялдамаларында;
- халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған жабық үй-жайларда, сондай-ақ қызметі рұқсат етілген объектілерде;
- қоғамдық көлікте, оның ішінде таксиде;
- COVID-19-ға күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;
- коронавирустық инфекцияға ұқсас аурудың белгілері бар адамдарға, коронавирустық инфекция белгілері бар науқастарға (дене қызуының көтерілуі, ентігу, жөтел) немесе ПТР не болмаса жедел тестілеудің оң нәтижелері бар адамдарға кию міндеттеледі.
Медициналық немесе матадан тігілген маскаларды дұрыс кию: маска мұрынды, ауызды және иекті жауып, шеттері бетке тығыз жанасуы және бекітілуі тиіс; сөйлесу кезінде масканы иекке түсірмеу және шешпеу, сондай-ақ оны қолға немесе мойынға байламау керек;
Халықтың медициналық немесе матадан тігілген маскаларды кимеуі келесі жағдайларда:
- 5 жасқа дейінгі балаларға; мектепке дейінгі ұйымдардағы (шағын орталықтар, мектеп-балабақша) 5 жастан асқан балаларға; сыныптардағы сабақ уақытында оқушыларға;
- жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдар спорт және ойын алаңдарында, скверлерде, саябақ аймақтарында, жағалау және басқа арнайы орындарда 5 адамнан аспаған жағдайда, әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде;
- қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу кезінде, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда;
- медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға:
1) өкпенің созылмалы аурулары бойынша (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА);
2) өкпенің созылмалы спецификалық емес аурулары (ӨССА): өкпенің эмфиземасы, бронх демікпесінің ауыр түрлері, созылмалы облитерациялайтын бронхиолит, бронхоэктатикалық ауру, муковисцидоз, биссиноз, созылмалы обструктивті бронхит;
3) декомпенсация сатысындағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) (іркілісті жүрек жеткіліксіздігі; сол жақ қарынша жеткіліксіздігі; анықталмаған жүрек жеткіліксіздігі), растайтын құжаттары («Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген, белгіленген нысан (№ 026/е нысаны) бойынша «Дәрігерлік - консультациялық комиссияның қорытындысы»), не болмаса маска тағуға қарсы көрсетілім туралы қорытындыны міндетті түрде көрсете отырып, медициналық ұйымның бұрыштық мөртабаны және медициналық ұйымның мөрі мен дәрігердің жеке мөрі бар медициналық қорытынды болған кезде;
- жеке көлікте (жалғыз өзі немесе бір отбасы мүшелерімен);
- елді мекеннен тыс жерлерде (табиғатта) жалғыз өзі немесе бір отбасы мүшелерімен;
- заңнамада тыйым салынбаған жерлерде, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда рұқсат етілген темекі өнімдерін шегу кезінде жауапкершілікке әкеп соқтырмайды.
2) кемінде 1,5-2 м әлеуметтік қашықтықты:
- отбасы мүшелерін қоспағанда, ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде), сондай-ақ халыққа баруға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда не болмаса қызметіне рұқсат етілген объектілерде болған кезде және жүріп-тұрған кезде міндеттеледі.
3) денсаулық жағдайының мониторингісін:
- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған жағдайда (вирустық инфекция белгілерінің болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел), медициналық ұйымдарға бармай-ақ, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті (мобильдік топты) үйге шақыру арқылы, тұрғылықты жері бойынша медициналық қызметкерді дереу хабардар етеді;
- COVID-19 коронавирустық инфекция ауруы, COVID-19-ды жоққа шығармайтын пневмония және байланыста болған адамның дәрежесі анықталған жағдайда, белгіленген қағидалар мен өзін-өзі оқшаулау немесе ауруханаға жатқызу тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді;
4) жаппай отбасылық салтанатты, ұжымдық және еске алу шараларын, оның ішінде үй жағдайында ұйымдастырылуына, өткізілуіне және қатысуға тыйым салудың сақталуын, қызметіне тыйым салынған объектілерге баруға жол бермеуді;
5) COVID-19-дан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, аза тұту және жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді сақтай отырып және іс-шараға 10 адамнан (жақын отбасы мүшелерінің қатарынан) артық жиналуына жол бермеуді;
6) 65 жастан асқан азаматтар және созылмалы аурулары бар адамдар үйде өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауларын;
Үйден дәріханаларға шығуға, жұмысқа (жұмыс істейтіндер үшін), төлемдер, зейнетақы және т. б. алу үшін мекемелерге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, жақын маңдағы жұмыс істейтін дүкеннен сауда жасау үшін, үй жануарларын серуендетуге, қоқыс шығаруға, серуендеуге, медициналық көмекке жүгінуге және «өмір мен денсаулыққа басқа тікелей қауіп төнген жағдайда» рұқсат етіледі;
7) ШҚО аумағына шетелден келген адамдарға денсаулық жағдайына күнделікті өз-өзіне бақылау жүргізу, жағдайдың кез келген нашарлауы (вирустық инфекция симптомдарының болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел) пайда болған жағдайда, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті үйге шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерін дереу хабардар етуді қамтамасыз етсін;
8) COVID-19 диагнозы расталған адамдар, COVID-19 таралуының эпидемиялық қаупі жоғары адамдар ретінде:
- 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 санитариялық қағидаларының 1-қосымшасына және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 36-қосымшасына сәйкес үй карантинін сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қолхатқа қол қоюға, алуға және үй карантині талаптарын сақтауға;
- карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық талаптарды сақтауға;
- карантин жағдайында болған кезінде инфекцияны жұқтырмау мақсатында өзге адамдармен қарым-қатынас жасамауға;
- медициналық қызметкерлердің келісімінсіз үйден шығып кетпеуге;
- жақын байланыста болған адамдар тобын анықтау үшін қажетті ақпаратты ұсынуға;
- өзінің денсаулық жағдайының өзгеруі туралы медицина қызметкерлерін дереу хабардар етуге (карантин кезеңінде 14 күн);
- мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптарын немесе қаулыларын өз құзыреті шегінде орындауға;
- 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 санитариялық қағидаларының 1-қосымшасына және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 36-қосымшасына сәйкес үй карантинінде болу мониторингісін қашықтықтан сақтауға;
- қаулылардың талаптарын сақтауға міндетті;
9) қызметі қайта басталмаған немесе тыйым салынған объектілерге баруға болмайды.
10) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге:
- COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар симптомды және симптомсыз вирусиеленушілер (U 07.1 коды);
- расталған диагнозы бар және COVID-19 анықталмағандар (пневмония) (U 07.2 коды);
- үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайында COVID-19 науқасымен байланыста болған (жақын байланыс) адамдар бармауы керек.
17. Теміржол және авиакөлік объектілерінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес жүргізіледі.
18. 2021 жылғы 21 шілдеден бастап Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің:
- «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6;
- «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 4 маусымдағы № 6-2;
- «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 11 маусымдағы № 6-3;
- «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 16 маусымдағы № 6-4;
- «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 1 шілдедегі № 6-5;
- «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 14 шілдедегі № 6-6 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
19. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
20. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
21. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
22. Осы қаулы 2021 жылғы 21 шілдеден бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.
М. О.
| Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері |
Қ. Турдиев |
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.24.07. № 10-1 Қаулысымен (2021 ж. 27 шілдеден бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара); 2021.30.07. № 10-2 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 18 шілдедегі
№ 10 қаулысына
1-қосымша
Тәуекел аймағына байланысты («қызыл» аймақ) Шығыс Қазақстан облысының
әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысын шектеу және рұқсат беру
өлшемшарттары
| № | Объектілер/салалар | «ҚЫЗЫЛ» АЙМАҚ |
| 1. | Халықпен байланыс деңгейі төмен кәсіпкерлік объектілері: | Рұқсат етілген |
|
| - автожуу, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу объектілері | Рұқсат етілген |
|
| - ателье, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы, аяқ киімді, телефондарды, компьютерлерді, сағаттарды жөндеу объектілері, кілттерді дайындау, «тұрмыстық үй» қағидаты бойынша қызметтер және т.б., химиялық тазалау, кір жуу орындары, гүл сату дүкендері, фотосалондар, тауарларды жеткізумен айналысатын ұйымдар, автоэкспресс (алып кетуге арналған тамақ) | Рұқсат етілген |
|
| - ЖҚС (автожанармай құю станциялары) | Рұқсат етілген |
| 2. | Халыққа қызмет көрсету бойынша абоненттік бөлімдер | Рұқсат етілген |
| 3. | Тәулік бойы мониторинг қызметтерін көрсететін ұйымдарды (авариялық хабарлау жүйелері, персоналды, техниканы жер астында жайғастыру және т.б.) қоспағанда, туристік компаниялар, бизнес-орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер, консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары қызметтері) | Рұқсат етілген Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке қызмет көрсетумен (бір клиенттен). |
| 4. | Дәріханалар және дәріханалық бөлшек сауда желісі, оның ішінде сауда объектілерінде орналасқан дәріханалар | Рұқсат етілген |
| 5. | Амбулаториялық үлгідегі медициналық ұйымдар (емдеу мекемелері) | Рұқсат етілген |
| 6. | Стационарлық сипаттағы қызметтер көрсететін медициналық ұйымдар (емдеу мекемелері) | ✔ Рұқсат етілген Карантинді қамтамасыз ету және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау |
| 7. | Стоматологиялық медициналық орталықтар (кабинеттер) | ✔ Рұқсат етілген Алдын ала жазылу бойынша. |
| 8. | Медициналық-әлеуметтік объектілер және ардагерлер мен мүгедектерге арналған оңалту орталықтары | ✔ Рұқсат етілген Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету және сақтау. |
| 9. | Балалар түзету кабинеттері, секциялар, үйірмелер, факультативтер, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін), 18 жасқа дейінгі адамдарды ерікті түрде тіркей отырып | ✔ Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген. Топтар бір адамға 4 м2 есебінен, балалар (ересектер) арасындағы қашықтықты сақтау шартымен құрылады, бірақ топта 15 баладан (ересектерден) аспауы керек, алдын ала жазылу бойынша. |
| Білім беру объектілері, білім беру орталықтары (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін), 18 жасқа дейінгі адамдарды ерікті түрде тіркей отырып | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: Рұқсат етілген | |
| 10. | Косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету орталықтары және сұлулық салондары, шаштараздар, барбер-шоптар, маникюр және педикюр, массаж және татуаж кабинеттері (жазылу бойынша) | ✔ Рұқсат етілген 1 келушіге ауданы кемінде 4 м2, алдын ала жазылу бойынша |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: алдын ала жазылу бойынша рұқсат етілген | ||
| 11. | Ғимараттардың сыртындағы азық-түлік базарлары | Рұқсат етілген Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру. |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 12. | Ғимараттардың ішіндегі азық-түлік базарлары | ✔ Рұқсат етілген Толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде, сенбі және жексенбі күндері - қызметіне тыйым салынған. Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру. |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 13. | Ғимараттардың сыртындағы азық-түлік сатпайтын базарлар | Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген. Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру. |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 14. | Ғимараттардың ішіндегі азық-түлік сатпайтын базарлар | ✔ Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген. Толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде. Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру. |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 15. | Азық-түлік тауарларын сатпайтын ауданы 2000 м2 дейінгі сауда объектілері | ✔ Оларда орналасқан азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді, дәріханаларды және дәріхана желілерін, банкоматтарды, сондай-ақ уақытша егу пункттері ұйымдастырылған объектілерді қоспағанда, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген. Сауда залының ауданы 50 м2 дейінгі үй-жайларда бір отбасы мүшелерін қоспағанда, бір уақытта 4 адамға дейін болуға рұқсат етіледі. Сауда залының ауданы 50-ден 100 м2 дейін болған кезде - бір отбасы мүшелерін қоспағанда, тиісінше 8 адамға дейін. Сауда залының ауданы 100-ден 2000 м2 дейін болған кезде - толтырылуын 30%-дан асырмай, 1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. Жеткізуге шектеусіз. Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды бір мезгілде сататын (оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша) сауда объектілерінде демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері азық-түлік тауарларын сатпайтын бөлімдердің жұмысына тыйым салынады. |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: Рұқсат етілген | ||
| 16. | Азық-түлік тауарларын сатпайтын ауданы 2000 м2 асатын сауда объектілері | ✔ Оларда орналасқан азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді, дәріханаларды және дәріхана желілерін, банкоматтарды, сондай-ақ уақытша егу пункттері ұйымдастырылған объектілерді қоспағанда, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін рұқсат етілген. Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды бір мезгілде сататын (оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша) сауда объектілерінде демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері азық-түлік тауарларын сатпайтын бөлімдердің жұмысына тыйым салынады. Толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде. Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру. Жеткізуге шектеусіз. |
| Сауда үйлері, сауда орталықтары, СОО | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: ✔ жұмыс күндері шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етілген, сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін рұқсат етілген | |
| 17. | Азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, оның ішінде зоодүкендер) | Рұқсат етілген Сауда залының ауданы 50 м2 дейінгі үй-жайларда бір отбасы мүшелерін қоспағанда, бір уақытта 4 адамға дейін болуға рұқсат етіледі. Сауда залының ауданы 50-ден 100 м2 дейін болған кезде - тиісінше 8 адамға дейін. Сауда залының ауданы 100 м2 астам болған кезде - толтырылуын 30%-дан асырмай, 1 келушіге ауданы кемінде 4 м2. Жеткізуге шектеусіз. |
| 18. | Демалыс күнгі ашық ауадағы ауыл шаруашылығы, азық-түлік жәрмеңкелері | Рұқсат етілген |
| 19. | Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристтік базалар және т.б.) | ✔ Рұқсат етілген Номерлер қорының толтырылуы 80%-ға дейін |
| Қонақ үйлер, отельдер | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етілген | |
| 20. | Мейрамхана, дәмхана және кофехана** типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) | ✔ Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген Бұқаралық, отбасылық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды, конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), билерді өткізбей, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ отыратын орындар санын 30 орыннан асырмай. «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, жеткізуге шектеусіз. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристтік базалар және т.б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады. Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілері тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын мөлшерде толтырылуымен, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды сақтаған кезде жұмыс істей алады. |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 21. | Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері | Сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, жеткізуге шектеусіз. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристтік базалар және т.б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады. Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілері тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын мөлшерде толтырылуымен, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды сақтаған кезде жұмыс істей алады. |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: шектеусіз, тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 22. | Жазғы аландар | ✔ 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 23. | Стрит-фудтар (отыратын орындарсыз жеке тұрған шатыр/ларек/ дүңгіршек) | Рұқсат етілген, отыратын орындарсыз |
| 24. | Қоғамдық тамақтану объектілері: фудкорттар (сауда орталығындағы, қонақ үйдегі, әуежайдағы, вокзалдағы немесе кейбір жағдайларда келушілерге тамақтануға арналған ортақ залы бар бірнеше тамақтандыру кәсіпорындары бірден қызмет көрсететін жеке ғимараттардағы тамақтану аймағы) | Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, тек тамақты алып кетуге ғана рұқсат етілген. Онлайн жеткізуге шектеусіз. |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай, сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 25. | ХҚКО | Рұқсат етілген Уақыт бойынша шектеумен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Электрондық Үкімет порталы немесе 1414 Call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: Рұқсат етілген | ||
| 26. | «Қазпошта» АҚ филиалы мен оның бөлімшелері | ✔ Рұқсат етілген Уақыт бойынша шектеумен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Қызметтерді барынша онлайн-форматта көрсету |
| 27. | Қаржы секторы субъектілері: екінші деңгейдегі банктер; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (қызметін тек қана ҚР Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар), ипотекалық ұйымдар; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары; сақтандыру брокерлері; құнды қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар; төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер | ✔ Рұқсат етілген ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірлескен актісінің (бұйрығының) талаптарын сақтаған кезде Екінші деңгейдегі банктер - уақыты бойынша шектеумен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді |
| 28. | Мектепке дейінгі балалар мекемелері/ұйымдары | ✔ Рұқсат етілген 15 адамға дейін жинақтау сақталған кезде кезекші топтар Міндетті түрде таңертеңгі сүзгіні өткізу, персоналдың маскалық режимді сақтауы, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді жүргізу, бірнеше топты біріктіретін іс-шараларды жүргізбеу, ата-аналардың, мектепке дейінгі мекемелерге әкелетін адамдардың кіруіне рұқсат бермеу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу және қашықтықтан оқыту форматына ауысу өлшемшарттары» қолданылады |
| 29. | Орта білім беретін оқу орындары, оның ішінде лицей мәртебесімен | ✔ Рұқсат етілген Дәстүрлі форматта қалалық және ауылдық мектептерде 300 оқушыға дейінгі контингентпен, сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейін оқыту Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту Жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде - 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқыту Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқыту: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып - 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимдерін сақтау); Орта білім беру объектілері оқушыларының білімін бағалау бойынша республикалық олимпиадаларды өткізуге үй-жайдың толтырылуы 15 адамға дейін, шахмат тәртібімен отырғызғанда, маскалық режимді және кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтағанда рұқсат етіледі. Үй-жайларды адамдар болған кезде пайдалануға рұқсат етілген ауаны зарарсыздандыруға арналған аспаптармен (рециркуляторлар, экрандалған бактерицидті сәулелегіштер) жабдықтау ұсынылады. COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу және қашықтықтан оқыту форматына ауысу өлшемшарттары» қолданылады |
| 30. | Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ) жүйесінің мекемелері, ЖОО | ✔ Рұқсат етілген Оқушыларды және І курс студенттерін штаттық оқыту «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: жұмыс істеуге рұқсат етілген |
| 31. | Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің, тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік, құқық тәртібі объектілерін, технологиялық процестің үздіксіз циклі бар кәсіпорындарды қоспағанда) * (сілтемені қараңыз) | ✔ 80% - қашықтықтан; 20% - көзбе-көз режим Міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады. Ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және көзбе-көз жұмыс нысанында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 6 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19 ауырып сауыққан барлық қызметкерлердің көзбе-көз режимде жұмыс істеуіне жол беріледі. |
| 32. | Кеңестер (отырыстар) | ✔ Рұқсат етілген Көзбе-көз режимде өткізу (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) |
| 33. | Діни бірлестіктер объектілері (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) | ✔ Рұқсат етілген Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізуге маскалық режим мен 1 (бір) адамға кемінде 4 м2 есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде рұқсат етілген. |
| 34. | Моншалар | Рұқсат етілген |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 35. | Сауналар | ✔ Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 36. | Меншік нысанына қарамастан жабық спорт объектілері (спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары, клуб командаларының жаттығу залдары), жабық құрылыстардағы мұз айдындары | ✔ Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген. Көрермендерсіз жеке (қатысушылар саны 5 адамға дейін) және топтық (қатысушылар саны 30 адамға дейін) жаттығуларды өткізу үшін |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 37. | Спорт кешендері, жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру жаттығуларымен айналысуға арналған үй-жайлар, бассейндері бар спорттық-сауықтыру объектілері, бассейндер, йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-орталықтар/клубтар, СПА орталықтары/салондары | ✔ Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген Толтырылуы 50%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы кемінде 5 м2 болғанда және бассейндер үшін су айнасының жалпы толтырылуы 50%-дан аспағанда, бір адамға 5 м2 қамтамасыз етілген кезде, қатаң алдын ала жазылу бойынша |
| Спорт кешендері, йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-орталықтары/клубтар, СПА орталықтары/ салондары, бассейндері бар спорттық-сауықтыру объектілері, бассейндер | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: жұмыс істеуге рұқсат етілген | |
| Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар) | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдарға рұқсат етілген | |
| 38. | Көрермендермен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 20%-ға дейін болған кезде рұқсат етілген | ||
| 39. | Марафондар (ашық ауада) | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: 30 адамға дейін рұқсат етілген |
| 40. | Ұлттық құрама, клубтық командалар, облыстық және аудандық командалар үшін спорттық жаттығулар (оқу-жаттығу жиындары) | ✔ Рұқсат етілген Адамдар саны 30-ға дейін, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда түру, көрермендерсіз Спортшылардың және жаттықтырушылар құрамының COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынылған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастау |
| 41. | Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды өткізу (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) | Шешімді ВАК қабылдайды |
| 42. | Халыққа оңалту қызметтерін көрсететін объектілер | ✔ Рұқсат етілген Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке немесе 3 адамнан аспайтын топтарда |
| 43. | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттар мен басқаларға) бару | ✔ Рұқсат етілген Жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін маскалық режимді және кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып |
| 44. | Мәдениет объектілері (мәдениет үйлері) (дайындық) | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдарға рұқсат етілген | ||
| 45. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар* | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 30%-ға дейін болған кезде рұқсат етілген | ||
| 46. | Мұражайлар, кітапханалар | Рұқсат етілген |
| 47. | Өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметі | Рұқсат етілген |
| 48. | Құрылыс және жөндеу жұмыстары (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда) | Рұқсат етілген |
| 49. | АӨК субъектілері қызметі (ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы және т.б.) | Рұқсат етілген |
| 50. | Тұрақты облысішілік автобустардың, шағын автобустар және облыстың қалалары мен аудандары арасындағы өзге де жолаушылар тасымалының, сонымен қатар автовокзалдардың, автостанциялардың және өзге де жолаушылар көлігі кәсіпорындарының жұмыс істеуі | ✔ Рұқсат етілген: - «Карантин оның ішінде шектеу шараларының қолданылу кезеңінде жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдау жұмысы туралы үшжақты меморандум» жасасу кезінде; - толтырылуы отыратын орындар санының 75%-нан аспаған кезде (қызметкерлердің ауысымы немесе вахта қайта ауысқан кезде оларды тасымалдауды қамтамасыз ететін тасымалдарды қоспағанда); - жүргізушілердің, кондукторлар мен жолаушылардың медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде киюі кезінде; - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалған шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің қолданылу кезеңінде жұмысқа қойылатын профилактикалық және эпидемияға қарсы талаптарды сақтау кезінде |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 51. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуын 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамға дейін болған кезде жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 52. | Қалалық тұрақты/тұрақты емес (туристік) тасымалдар | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуын 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамға дейін болған кезде жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 53. | Қалааралық/облысаралық/облыс ішіндегі тұрақты автобус, шағын автобус және өзге де жолаушылар тасымалдарының қозғалысы | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 54. | Қалалар мен елді мекендер ішіндегі қоғамдық көліктер | ✔ Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген. Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері қоғамдық көлік сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін, кешке сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін желіге шығатын көлік бірліктерінің санын арттыра отырып, технологиялық процестің үздіксіз циклімен кәсіпорындардың қызметкерлерін жеткізуге жұмыс істейді. Жұмыс күндері жұмыс режимі сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін, қарбалас сағаттарда (таңертең (сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін), кешке (сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін)) автобустар санын арттыра отырып, дезинфекциялау құралдарымен өңдеу және соңғы аялдамаларда барлық есіктерді ашу, толтырылуы отыратын орындар саны бойынша, жүргізушілердің, кондукторлардың және жолаушылардың міндетті түрде маскаларды киюлері керек |
| 55. | Қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричкалардың) қозғалысы | ✔ Рұқсат етілген Ортақ вагондарсыз (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес) |
| 56. | Жолаушылар поездарының қозғалысы | ✔ Рұқсат етілген Ортақ вагондарсыз (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес) ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша |
| 57. | Бильярд | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 30%-дан аспаған кезде, сағат 12.00-ден 02.00-ге дейінгі жұмыс режимімен жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 58. | Ойын клубтары/орындары (компьютерлік клубтар, PlayStation приставкаларын пайдаланатын клубтар және басқалар) | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 30%-дан аспаған кезде, сағат 12.00-ден 02.00-ге дейінгі жұмыс режимімен жұмыс істеуге рұқсат етілген Тек 12 жастағы және одан асқан адамдарға кіруге рұқсат етіледі | ||
| 59. | Боулинг | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 30%-дан аспаған кезде, сағат 12.00-ден 02.00-ге дейінгі жұмыс режимімен жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 60. | Балалар сауықтыру лагерьлері/ұйымдары (12 жастан бастап балаларды ерікті тіркеумен) | ✔ Рұқсат етілген Толтырылуы 30%-дан аспаған кезде Стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналын жұмысқа жіберу жұмыс басталғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде жүзеге асырылады Әрбір баланың лагерьге келген кезде денсаулық жағдайы туралы құжаты (086/е нысаны), инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың жоқтығы туралы анықтамалар, келгенге дейін кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі бар құжаты болуы тиіс |
| Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-дан аспаған кезде жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 61. | Цирктер | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 30%-дан аспаған кезде рұқсат етіледі | ||
| 62. | Балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын аландары, аттракциондар, жағажайлар және аквапарктер) | Тыйым салынған |
| Ауданы 500-ден 1000 м2 дейінгі балалар ойын-сауық орталықтары (жабық) | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: ✔ бір адамға ауданы кемінде 10 м2 қамтамасыз етілген жағдайда, бірақ 30 адамнан аспаған кезде | |
| Ауданы 1000-ден 3000 м2 дейінгі және одан жоғары балалар ойын-сауық орталықтары (жабық) | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: ✔ бір адамға ауданы кемінде 10 м2 қамтамасыз етілген жағдайда, бірақ 60 адамнан аспаған кезде | |
| 63. | Ашық ауадағы аттракциондар | Рұқсат етілген |
| 64. | Жерлеу рәсімдерін өткізу (ас беру) | Тыйым салынған |
| 65. | Банкет залдары** (ас беру) | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуын 30%-дан асырмай, бір адамға ауданы кемінде 4 м2 қамтамасыз етілген кезде, бірақ 30 адамға дейін болғанда сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 66. | Бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), салттық және басқа да іс-шараларды өткізбей, банкет залдары** (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету) | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-дан асырмай, бірақ 50 орынға дейін болғанда сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 67. | Ойын-сауық мекемелері: караоке | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 50%-дан асырмай, бірақ 30 адамға дейін болғанда сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 68. | Ойын-сауық мекемелері: түнгі клубтар және басқа да орындар | Тыйым салынған |
| 69. | Океанариум | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: топтық экскурсияларға рұқсат берілген (15 адамға дейін) | ||
| 70. | Көрмелер | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: толтырылуы 70%-дан асырмай, бір адамға ауданы кемінде 6 м2 қамтамасыз етілген кезде, бірақ бір уақытта 150 адамға дейін болғанда жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 71. | Ойыншылармен (жеке тұлғалармен) кейіннен ақша қаражатын төлей отырып бәс тігетін ұйымдар (букмекерлік және өзге де мекемелер) | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: бір адамға ауданы кемінде 4 м2 қамтамасыз етілген кезде, бірақ 30 адамға дейін болғанда жұмыс істеуге рұқсат етілген | ||
| 72. | Лотереяларға қатысуға арналған жабдығы (терминалдары) бар лотерея ойындарын өткізу бойынша объектілер және лотереяларға қатысуға арналған терминалдары бар өзге де объектілер | Тыйым салынған |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: ✔ бір адамға ауданы кемінде 4 м2 қамтамасыз етілген кезде, бірақ 30 адамнан аспағанда | ||
| 73. | Қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелерде және кеңселерде бұқаралық ойын-сауық іс-шараларды, бейбіт жиналыстарды, форумдарды, конференцияларды, іс-шараларды (корпоративтерді) өткізу | Тыйым салынған, оның ішінде спорттық іс-шараларға |
| 74. | Ойын-сауық агенттіктерінің және үйге барып ойын-сауық қызметтерін көрсететін басқа да ұйымдардың қызметтеріне (аниматорлық қызметтер, балалар шоулары, мастер-класстар, интерактивті спектакльдер және басқа да қызметтер) | Тыйым салынған |
| 75. | Бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), әдет-ғұрыптық және басқа да іс-шаралар, оның ішінде үйде өткізу | Тыйым салынған |
| 76. | Адамдар көп жиналатын жерлерде (алаңдарда, скверлерде, саябақтарда, серуендеу және жағалау аймақтарында), оның ішінде жабық үй-жайларда (клубтар) бұқаралық, театрландырылған қойылымдар, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтері, шоу-бағдарламалар, концерттер және басқа да бұқаралық іс-шаралар | Тыйым салынған |
| 77. | «Ashyq» жобасының ерікті қатысушылары (ЖОО, киноиндустрия, банктер, ұйымдар, кеңселер және басқалары) | Жеңілдіктерсіз |
| 78 | Әуежайлар | ✔ Рұқсат етілген (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес) |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: Рұқсат етілген Қолданыстағы жұмыс режимі | ||
| 79. | Теміржол вокзалдары | ✔ Рұқсат етілген (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес) |
| «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: Рұқсат етілген Қолданыстағы жұмыс режимі |