Ескертпе:
| «Рұқсат етілген» | - объектінің қызметіне Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында айқындалған санитариялық қағидаларды, алгоритмдерді (талаптарды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде, белгі салған және тиісті дайындық актілерін алған кезде рұқсат етілген |
| «✔ » | - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында айқындалған санитариялық қағидаларды, алгоритмдерді (талаптарды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде, белгі салған және тиісті дайындық актілерін алған кезде қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген |
| «Тыйым салынған» | - объектінің қызметіне тыйым салынған |
| * | - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған. |
| ** | - банкет залдары мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша ас беру және келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді. |
| *** | - «қоңыр-қызыл» аймақ - тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде); |
| **** | - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес). |
**** «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге:
«Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі бар жобаға қатысушылардың тізімін ЖАО ҚР БМСД 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысымен бекітілген «Ashyq «көшбасшысы» мәртебесін беру өлшемшарттарын ескере отырып қалыптастырады, ВАК шешімімен бекітіледі және әкімдіктің сайтында орналастырылады.
«Ashyq» көшбасшысы» мәртебесінің қолданылу ұзақтығы - 2 апта.
1) «қызыл» аймақтағы қатысушылар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;
2) «сары» аймақтағы қатысушылар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;
3) «жасыл» және «қоңыр қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға артады;
4) тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, қызметкерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 18 шілдедегі
№ 10 қаулысына
2-қосымша
COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда
білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу
және қашықтықтан оқыту форматына ауысу
өлшемшарттары
| Контингент | COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда | |
| 1-2 жағдай | бір-бірімен эпидемиялық байланысты 3 және одан да көп жағдай (отбасылық ошақтардан басқа) | |
| 1 | 2 | 3 |
| Тәрбиелеу объектілері | ||
| Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына баратын балалар, тәрбиешілер мен күтушілер | Топ карантинге жабылады, қызметкерлер жұмыс нысанына ауыстырылады | Мектепке дейінгі балалар мекемесі (ұйымы) карантинге жабылады |
| Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының өзге де қызметкерлері | Жақын байланыстағы тұлғалар қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады | Мектепке дейінгі балалар мекемесі (ұйымы) карантинге жабылады |
| Білім беру объектілері | ||
| Білім беру объектілерінің оқушылары | Сынып / топ карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады | Білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады |
| Сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар науқастанғандардың санына қарамастан қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады | ||
| Білім беру объектілерінің оқытушылары | Оқытатын сынып(тар) карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады | Білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады |
| Сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар науқастанғандардың санына қарамастан оқыту нысанына ауыстырылады | ||
| Білім беру объектілерінің өзге де қызметкерлері (әкімшілік, қосалқы персонал) | Жақын байланыстағы тұлғалар қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады | Білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар оқыту нысанына ауыстырылады |
| Сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) білім беру объектісі карантинге жабылады, оқушылар науқастанғандардың санына қарамастан қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылады | ||