Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2025 жылғы 6 тамыздағы № 184/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205/НҚ бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Регламентінде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқ екендігі туралы және тиісті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік негізде сатып алудың өзге де мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы монополияға қарсы органның қорытындысын қарау.