«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 299 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 254 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 299 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 254 бұйрығы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 299 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы» деген 4-бөлімде:

«Сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту» деген 1.1-стратегиялық мақсатта:

«Бюджеттік бағдарламалар - 2» деген бағанда: «Бюджеттік бағдарламалар - 2» деген сөздер «Бюджеттік бағдарламалар - 3» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Бюджеттік бағдарламалар - 2» деген баған мынадай мазмұндағы 060 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

«060 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру»;

«Денсаулық сақтау саласында кадр әлеуеті мен ғылымды дамыту» деген 1.3-стратегиялық мақсатта:

«Бюджеттік бағдарламалар - 7» деген бағанда: «Бюджеттік бағдарламалар - 7» деген сөздер «Бюджеттік бағдарламалар - 8» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Бюджеттік бағдарламалар - 7» деген баған мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

«059 «Аурулар диагностикасының және емдеудің жоғары технологиялық әдістерінің әлеуетін арттыру және енгізу»;

«Стратегиялық мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлімде:

«Азаматтардың денсаулығын нығайту» 1-стратегиялық бағытта:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.