«Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға қолдау көрсету шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығы (2022.20.01. берілген өзгерістермен)

Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға қолдау көрсету шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығы

(2022.20.01. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № № 725, 726, 727, 732, 733, 734, 735, 736, 737, 738, 739, 740, 741, 742, 743, 744, 745 Жарлықтарымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша мерзімі өткен берешектің туындау жағдайларын болдырмау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібі бекітілсін.

2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, ломбардтарды, кредиттік серіктестіктерді қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Н.А. Әбдірахмановқа жүктелсін.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және

дамыту агенттігі

Төрағасының

2022 жылғы 10 қаңтардағы

№ 8 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды

тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру тәртібі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.