«Сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 240 бұйрығы

 «Сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 240 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 294 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13636 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Сынамаларды іріктеу туралы акті техникалық құралмен немесе қара немесе көк түсті сиямен айқын көрінетін жазбамен мынадай күйде толтырылады.

Сынамаларды іріктеу туралы актінің 1-тармағында жалпы мәліметтер көрсетіледі:

Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның атауы;

сынамаларды іріктеген адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы;

сынамаларды іріктеу кезінде қатысқан адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жұмыс орны;

сынамаларды іріктеуді жүзеге асыратын нормативтік техникалық құжаттың атауы;

құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының орналасқан жері;

құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының бағытталатын маршруты.

Сынамаларды іріктеу туралы актінің 2-тармағында сынамаларды іріктеу туралы шарты және қолданылған техникалық құрылғы туралы мәліметтер толтырылады.

Сынамаларды іріктеу туралы актінің 2-тармағында іріктелген сынамалар туралы мәліметтен тұратын кесте толтырылады:

1-бағанда – іріктелген сынаманың реттік нөмірі;

2-бағанда – құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының атауы;

3-бағанда – іріктелген сынаманың грамдық өлшемдегі салмағы;

4-бағанда – сынаманың жеке нөмірі;

5-бағанда – қаптама түрі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.