«Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 112 Қаулысы (күші жойылды)

 «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 112 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 80 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19710 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға берілген микрокредиттер бойынша активтерді сыныптау туралы есептің нысаны;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді сыныптау туралы есептің нысаны;

4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есептің нысаны;

5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған ағымдағы шоттар мен салымдардың талдамасы туралы есептің нысаны;

6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есептің нысаны;

7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есептің нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.