«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 106-1551 қаулысына 5-қосымша) (күші жойылды)

Астана қаласы әкімдігінің

2016 жылғы 29 тамыздағы

№ 106-1551 қаулысына

5-қосымша

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 106-458 Қаулысымен күші жойылды

 

«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) регламенті «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - фтизиатр дәрігер қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен мөрмен және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) анықтаманы тіркей отырып, расталған Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түріндегі туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама (бұдан әрі - анықтама).

Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» деректер базасында (бұдан әрі - деректер базасы) тексеруден кейін беріледі. Анықтаманың жарамдылық мерзімі - күнтізбелік 10 (он) күн.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.