Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын, Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартына қойылатын талаптарды және сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы есебінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 98 Қаулысы
(2024.10.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-1-бабының 4 және 5-тармақтарына және 23-2-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мына:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартына қойылатын талаптарды және сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы есебінің қағидалары бекітілсін.
2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;